VISTA SCHOOL

Мектепке қабылдау

Үміткерлерге арналған құжаттар тізімі

  • Білім беру қызметін көрсету туралы келісім шарт 2 дана (біріншісі – мектепке тіркеледі, екіншісі – ата-анаға беріледі).
  • Төлемақы туралы банк түбіртегі (оқушының аты-жөні жазылған түбіртек көшірмесі).
  • Ата-ананың / қамқоршының қолы қойылған мектепке қабылдау туралы өтініші.
  • Ата-ана тарапынан толтырылатын оқушы туралы мәлімет сауалнамасы.
  • Баланың туу туралы куәлігі (көшірмесі).
  • Ата-ананың жеке куәлігі (көшірмесі).
  • Баланың фотосуреті (3х4) – 2 дана.
  • Денсаулық төлқұжаты (түпнұсқа) және егу парағы.
  • Оқыған мектебінен кету талоны (1-сыныпқа түсушілер үшін қажет емес).
  • Үлгерімі туралы табель (1-сыныпқа түсушілер үшін қажет емес).

Оқушылар мектеп формасын киюге міндетті.

Мектеп форма үлгісіне төмендегілер кіреді:

  • Бастауыш сыныптарда оқитын қыз оқушылар (1-4 сыныптар): юбка, поло, жилет, бомбер;
  • Бастауыш сыныптарда оқитын ер оқушылар (1-4 сыныптар): шалбар, поло, жилет, бомбер;
  • Дене шынықтыру сабағына қатысу үшін оқушыларда төмендегі киім үлгілері болуы тиіс:
  • Жеңіл спорт үлгісіндегі аяқ-киім;
  • Дене шынықтыру сабағы үшін арнайы шұлық;
  • Қарапайым жаттығу киімі;
  • Спорт киімнің ішінен киетін майка немесе футболка.
  • Оқушының спорт аяқ-киімі мен жеңіл жаттығу костюмі өзіне ыңғайлы болуы қажет.
  • Дене шынықтыру сабағына әшекей бұйымдар тағуға және бағалы заттарды әкелуге рұқсат етілмейді. Оқушының сабаққа спорт киімін алып келмеуі тәртіп ережесін бұзған болып есептеледі.
  • Қосымша спорт үйірмелері және сабақтарға – ырғақ, би, т.б. үйірмелеріне қажетті киім үлгісі жайында мәлімет алу үшін ата-аналар жетекші мұғалімге жолығуы қажет.
DSC02639
1-Elementary 15

Басқа сұрақтарыңыз болса, хабарласу үшін төмендегі батырманы басыңыз