VISTA SCHOOL

Оқу жоспары

1-Elementary 15

ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бастауыш бөлімде 1-4 сыныптарда оқыту қазақ тілінде. Математика пәнін тереңдетіп оқыту мақсатында вариативті компонент есебінен «Ойна да, ойла», «Сингапур математикасы» қосымша беріледі. Бастауыш сыныптарда ұлттық Домбырамыз міндетті пән ретінде оқытылады. Сыни тұрғыдан ойлауды, дұрыс шешім қабылдауды, сенімділікті үйрететін Интеллектум оқу бағдарламасына енгізілген. «Vista school» мектебі – Project Based Learning (PBL) жоба бойынша оқыту әдісін қолданады. Бұл әдіс оқушы бойында сөйлеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлауды, топпен жұмыс істеуді, жаңашылдықты қалыптастырады.

КІТАП ОҚУ САҒАТЫ

Оқушыларымызды көркем әдебиетке құштарлығын ояту, қай тілде болмасын ойын әдемі жеткізуге баулу мақсатында күн тәртібінен кітап оқуға уақыт беріледі. Оқушыларға ұсынылатын кітаптар қоры қазақ, ағылшын тілдерінде жас ерекшеліктеріне сәйкес жасалған.

ЖЫЛДЫҚ ОҚУ КҮНТІЗБЕСІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығына негізделе отырып, оқу жылы 4 тоқсанға бөлінген 34 аптаны қамтиды және қыркүйек айының 1-де басталып, мамыр айының 25-де аяқталады.

  • күзгі демалыс: 30 қазан -5 қараша
  • қысқы демалыс: 29 желтоқсан-7 қаңтар
  • көктемгі демалыс: 21 наурыз – 31 наурыз
  • 1-сынып оқушылары үшін 5-11 ақпан аралығында қосымша демалыс бар.